Қызылорда облысындағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы
Kyzylorda-news.kz. 2019 жылғы маусымда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 27504 теңгені құрады, деп хабарлайды облыстық статистика департаменті.
![](https://syr-media.kz/uploads/posts/2019-07/1562670148_9vpm1.jpg)
Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2019 жылғы маусымда өткен аймен салыстырғанда 6,2%-ға жоғарылады. Оның құрылымында ет және ет өнімдерін сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 17,9%, жемістер мен көкөністерге – 12%, сүт өнімдері мен жұмыртқаға – 9,7%, нан және жарма өнімдеріне – 7,3%, май және тоң май өнімдеріне – 3,9%, қант, шай және дәмдеуіштерге – 2,3%, балыққа – 1,9%-ды құрады.
Халықтың орташа жан басына шаққанда | Балалар, 0-13 жаста | Жасөспірімдер, 14-17 жаста | Еңбекке қабілетті халық 18 жас | Зейнеткерлер мен қарт адамдар | |||
ұлдар | қыздар | ерлер | әйелдер | ||||
Күнкөрістің ең төменгі шамасы | 27 504 | 21 726 | 34 788 | 26 655 | 32 820 | 26 057 | 25 794 |
Азық-түлік тауарлары | 15 127 | 11 949 | 19 133 | 14 660 | 18 051 | 14 331 | 14 187 |
Азық-түлік емес тауарлар және ақылы қызмет | 12 377 | 9 777 | 15 655 | 11 995 | 14 769 | 11 726 | 11 607 |