Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорданың орталық стадионы пайдалануға берілді

Қызылорданың орталық стадионы пайдалануға берілді

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадионның салтанатты ашылуы өтті.
Стадионның ашылу салтанатында «Қайсар» мен «Шахтер» командалары арасында алғашқы ресми матчы өтті. Футболшылардың ойынын тамашалауға 6500 жанкүйер жиналды.
Шара барысында Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов тұрғындарды стадионның ашылуымен құттықтады. Сондай-ақ, еуропалық стандарттарға сай келетін құрылыстың жоғары сапасын атап өтті. Клубтың футболшылары мен бапкерлер штабы Қазақстан кубогының финалына шығуымен құттықтады. Салтанатты рәсімде эстрадалық әнші Жарасхан Төлебай өнер көрсетті.
Айта кетейік, бұл құрылыс нысанда қайта жөндеу жұмыстары 2017 жылы басталды. Жөндеу жұмыстары стадионның сыртқы келбетін өзгеруін қамтып, прожекторлар, орындықтар, алаң жабыны ауыстырылды. Қазір алаң еуропалық стандарттарға сәйкес және халықаралық матчтарды қабылдай алады.

10 шілде 2019 ж. 627 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области