Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мамандар: Ауа-райының ыстықтығынан сақ болу қажет

Мамандар: Ауа-райының ыстықтығынан сақ болу қажет

Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер алдағы уақытта да аймағымызда ауа температурасының ыстық болатынын ескертеді. Сондықтан да тұрғындар сақтық шараларын күшейтуі қажет. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте тиісті сала басшылары мәлімдеме жасады.

«Бүгінгі күні аймағымызда күннің қатты ысуы байқалады. Қызылорда облысында ауа температурасы 40 градус болса қатты ыстық, ал 45 градустан жоғары болған жағдайда өте қатты ыстық болып саналады. Қазіргі таңда жұмысшыларға қатысты көп сұрақтар туындап жатыр. ҚР Еңбек кодексінің 23 бабында жазылған. Егер ауа райына байланысты жұмысты жалғастыру жұмыскердің өміріне, денсаулығына қауіп төндіретін болса, жұмысты тоқтату жұмыс берушінің құқығы әрі міндеті», - деді облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Жаңабаев.
Брифинг барысында «Казгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының» бөлім бастығы Әйгерім Жүкелова облыс территориясына жоғары қысым алқабының енуіне байланысты қазіргі таңда жауын шашынсыз ауа райы сақталатынын айтты.
«16 шілде күні, ауа температурасы 39-40 градусқа дейін жоғарылайтын болса, шілденің 17-20 аралығында ауа температурасы 41-46 градусқа дейін ыстық күтілуде. Тек солтүстікте, Арал, Қазалы аудандарында 16-17 шілде күндері ауа температура 35-37 градусқа барады. Сонымен қатар, солтүстік пен солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін көтеріледі. Циклонның енуіне байланысты, шілденің 20-нан кейін ауа температура 33-38 градусқа дейін төмендейді. Айдың аяғында жаңбыр күтілуі мүмкін», - дейді Әйгерім Жүкелова.
Қызылордада аптап ыстықтың орын алуына байланысты суға түсу кезінде сақтық шараларын күшейту туралы да айтылды.
«Ауа температурасының жоғарылауына байланысты адамдардың демалыстарын өзен мен көлдердің жағасында ұйымдастыруы көптеп орын алуда. Осыған орай, өзен немесе каналдардың кез-келген, әрі зерттелмеген жерлеріне суға түсу болмайтындығын ескертеміз», - деді брифингте облыстық ТЖД бастығының орынбасары С.Молдақараев.
Сондай-ақ, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметовтің айтуынша ауа райының өзгерістері бірінші кезекте адамның денсаулығына әсер етуде. Өткен жылмен салыстырғанда жедел жәрдем станцияларына түсіп жатқан шақыртулар саны өсіп отыр.
«Аймағымыздағы күннің қатты ысуы тұрғындарға әсер етуде. Ең көп шақыртулар жүрек қан тамыр жүйесі ауруларына байланысты болып, екінші орында тыныс алу жолдарының ауаруларына байланысты. Сонымен бірге балалар арасындағы шақыртулардың да саны көбейіп отыр, күн өту мәселесі де өзекті болып отыр. Осыған байланысты облыс тұрғындарын ұзақ сапарлардан, ашық күннің астында ұзақ болудан, тәуліктің ыстық мерзімінде сыртта ұзақ жүруден бас тартуға шақырамыз», - деді Ж.Абдусаметов.
16 шілде 2019 ж. 503 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области