Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада суға кеткен жасөспірімнің денесі табылды

Қызылордада суға кеткен жасөспірімнің денесі табылды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 13 жастағы жасөспірімнің денесі табылды. Оның мүрдесі оқиға орын алған жерден екі шақырымдай қашықтықтан табылған.

«Жасөспірім достарымен бірге суға түсуге барған. Суға шомылу барысында батып кеткен. Бұл туралы хабарлама облыстық төтенше жағдайлар департаменті дағдарыс жағдайларындағы басқару басқармасының жедел кезекшісіне келіп түсті. Сол бойынша жедел-құтқару жасағының мамандары суға батып кеткен жасөспірімді іздестіру шараларын жүргізді», - деді жедел-құтқару жасағының басшысы Бақыт Ембергенов.
Облыстық төтенше жағдайлар саласының мамандары ата-аналардың балаларды бақылаусыз қалдырмау қажеттігін айтады.
Айта кетейік, жыл басынан бері тоғыз бала суға кетіп, қайтыс болды. Жалпы, биыл Қызылорда облысында жыл басынан бері 22 адам суға кетті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қызылорда қаласында 13 жастағы жасөспірім суға кеткенін хабарлаған едік.

24 шілде 2019 ж. 406 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области