Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Биыл ғана мектеп бітірген Төреғалидің қарындасына жігіті ұсыныс жасады

Биыл ғана мектеп бітірген Төреғалидің қарындасына жігіті ұсыныс жасады

Kyzylorda-news.kz. Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы тұрмысқа шықпақ. Биыл ғана мектеп бітірген Фариза Төреәліге сүйіктісі күні кеше үйленуге ұсыныс жасаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қуанышты жаңалығымен шоу-бизнес жұлдызының қарындасы өзінің Instagram парақшасында бөліскен.
"Мен "иә" дедім. 22.07.19" , - деген қысқа жазба қалдырған ол.
Фариза Төреәлінің жазбаларына сәйкес, ғашығы оған ұсынысты Нұр-Сұлтан қаласында жасаған болу керек.
Мектепті "алтын белгімен" тәмамдаған арудың өміріндегі аса бақытты сәттерінің біріне оның туған сіңлісі Дина куә болған.
Алайда, Төреғалидің болашақ күйеу баласы кім болатыны әзірге белгісіз. Фариза сүйіктісінің есімін әлі жария етпеді.
Жұлдызды отбасындағы жаңалықтардан хабардар болған желі қолданушылары аруға ақ тілегін жаудырып жатыр. Олардың арасында бірқатар отандық жұлдыздар да бар.
Айта кетерлігі, эстрада жұлдызының қарындасы биыл мектеп бітірген. Бойжеткен екінші мамыр күні 18 жасқа толған болатын.

24 шілде 2019 ж. 339 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области