Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Тоқаев браконьерлерді қатаң жазаламақ

Тоқаев браконьерлерді қатаң жазаламақ

Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысында қорықшыларға жасалған шабуылдан кейін заңнаманы қайта қарауды тапсырды. Бұл туралы Президент өзінің Twitter парақшасында жазды.

"Қорықшы-инспекторлардың құқықтарын қорғау және браконьерлікке қарсы жазаны күшейту мақсатында заңнаманы қайта қарау қажет", - дейді Президент.
Мемлекет басшысы сонымен бірге шабуыл кезінде қаза тапқан қорықшының отбасына көмек көрсетілетінін атап өтті.
"Қорықшы-инспекторлар Қаныш Нұртазинов пен Самат Оспанов мемлекетіміздің табиғи байлығын қорғау жолында ержүректілік көрсетті. Олардың ерлігін мақтан тұтамыз. Қ.Нұртазиновтің отбасына көмек көрсетіледі. Оның есімі мәңгі жадымызда сақталады. Иманды болсын!", - деді президент.
Еске сала кетейік, 23 шілдеде Ақмола облысы Бірсуат ауылында төрт қорықшы ақбөкендерді қорғау мақсатында өңірді көлікпен шолуға шыққан. Қазіргі таңда қылмыс жасады деген күдікпен Арқалық тұрғыны ұсталды.



25 шілде 2019 ж. 380 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области