Қармақшылықтар 2 тонна қоқыс жинады (ФОТО)
Kyzylorda-news.kz. Сырдария жағалауында өткен #Birge#TazaQazaqstan экологиялық акциясына қармақшылықтар белсенділікпен қатысты.
Аталған акцияға аудан әкімі Сұлтан Мақашов арнайы барып қатысып, аудан тұрғындарын тазалықты сақтауда белсенді болуға шақырды.
Тазалық акциясына «Жасыл Ел» сарбаздарымен қатар 100-ге жуық тұрғындар жұмылдырылды. Шара барысында Сырдария жағалуынан 2 тоннаға жуық қоқыс жиналды.
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада #Birge#TazaQazaqstan республикалық экологиялық акциясын ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев бастаған.
Алғашқылардың бірі болып Қызылорда облысы акцияға қолдау білдірді. Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов Арал ауданында жұмыс сапары барысында Көкарал бөгетінің жанындағы аумақты тазартып, #Birge#TazaQazaqstan акциясының жалғасын аймақтың барлық аудандары мен елдімекендеріне жолдаған болатын.
Аймақ басшысының қоғам тазалығына деген үн қосуын қармақшылықтар жоғары деңгейде жүзеге асырды. Тазалық шаралары өз кезегінде ауылдық округтерде, алыс елді мекендерде жалғасуда.