Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 1тамызға арналған жұлдыз-жорамалы.


Тоқты
Мақсатқа жету оңай емес. Қазіргі сәттегі жағдай қиындау. Бірақ бұл сіздің алға қарай ұмтылуыңызға еш кедергісін келтірмейді. Сіз өте шыдамдысыз және табандылық таныта білесіз.

Торпақ
Тәуекелге бел буа біліңіз. Әрбір істе тәуекелділік танытсаңыз жұлдыздар да сізді қолдап, жұмысыңыз сіз ойлағаннан да артығымен орындалады. Күнделікті істен еш жалықпайсыз, керісінше ләззат аласыз

Егіздер
Сәтті, әрі қызықты күн. Бұрын жіберген қателіктеріңізді түзейсіз. Сонымен қатар сіздің кешіріміңізді күтіп жүрген адамдармен татуласасыз. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің еш әбестігі жоқ.

Шаян
Мүмкіндіктер аз болғанымен, көп істі тындыруға күш-қуатыңыз жеткілікті. Табысқа жетуге бірнеше жол ашылады. Сіздің алдыңызда сол жолдың бірін таңдау мүмкіндігі тұр. Көпшілік сіз туралы мол мағлұмат алғысы келеді.

Арыстан
Өзіңіздің келбетіңізге, сырт бейнеңізге мән беріңіз. Сол арқылы жетістікке жетіп, маңызды келіссөздер сіздің пайдаңызға шешілетін болады. Бүгін жеке өміріңізге қатысты маңызды мәселелерді шешпегеніңіз жөн.

Бикеш
Мазасыз күн. Жұмыс барысында мәселелерден құтылу оңай емес. Сіздің жетістіктеріңіз бен жеңістеріңіз ескерусіз қалады. Салқынқандылық танытыңыз. Өзгелердің арандатуына ермеңіз.

Таразы
Жұмыста айтарлықтай өзгерістер орын алады. Өзгеріске дайын болып, тез шешім қабылдай білгеніңіз жөн. Жайбарақаттық танытатын болсаңыз, қарсыластарыңыз алдыңызды орап кетуі мүмкін.

Сарышаян
Аздаған мәселелер орын алғанымен, бүгінгі күн керемет болмақ. Сіз қиындықтардан қорықпайсыз, сондықтан оларға мойынсұнбайсыз. Бүгін жаңа идеялар келіп, алдағы күндерге жоспар құрасыз.

Мерген
Көмекшілер және серіктестер табу оңай. Олар уақыт өте келе жақын достарыңызға айналуы мүмкін. Жақындарыңызға қиын сәттер де қолдау білдіріп, өзіңізде жақсы көңіл-күйде боласыз.

Тауешкі
Көп жұмыс атқару үшін белсенді болыңыз. Мықты қарсыласпен «жекпе-жекке» шығасыз. Саспаңыз: тек өз-өзіңізге сенімді болған жағдайда ғана жеңіске жетесіз. Өз ісіңізге өзгелерді араластырудан аулақ болыңыз.

Суқұйғыш
Табысқа жету үшін батылдық қажет. Кейбір істерде тәуекелге бел буыңыз. Айналаңыздағылардың көңілін өзіңізге аударуға тырысыңыз. Оңайлықпен жеңіске жетемін деп ойласаңыз қатты қателесесіз.

Балықтар
Қаржылық жағдайыңыз жақсара түседі. Айлық жалақыңыз өседі немесе қосымша табыс көзін табасыз. Қиын жағдайда оңтайлы шешім шығара аласыз. Жақындарыңызбен емен-жарқын әңгімелесіп, бір-бірлеріңізді жақсы түсінісесіздер.
01 тамыз 2019 ж. 354 0

Ұқсас жаңалықтар:

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области