Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Күндіз қанша сағат ұйықтау керек?

Күндіз қанша сағат ұйықтау керек?

2011 жылы NBA комиссары Адам Сильвер The New York Times-ке берген сұхбатында: "Баскетболшыларға күндізгі сағат үштерде қоңырау шалып, іздеуге болмайтынын лига кеңсесіндегілердің бәрі біледі" - деген еді. Себебі бұл уақытта спортшылар ұйықтап жатады.

Күндізгі ұйқы тек спортшыларға ғана пайдалы емес екен. Циркадты физиология тұрғысында күндіз дене температурасы мен энергия деңгейі түсіп кетуге бейім. Оны қалпына келтіруге ұйқы көмектеседі.

Сағат нешеде ұйықтау керек?
Медицина маманы Кристофер Винтер баскетболшылар сияқты күндізгі сағат 15:00 шамасында көз іліп алуға кеңес береді немесе психолог-дәрігер Сара Медник жасаған интерактив кестені пайдалануға болады. Кестені дұрыс қолдану үшін, қызыл тілді (wake up time) таңертең тұратын уақытыңызға апарыңыз. Сондағы сары және көгілдір шеңберлердің қиылысқан тұсы – сіздің күндіз көз шырымын алатын уақытыңыз. Мысалы егер таңғы сағат 07:00-де тұрсаңыз, күндіз 14:00-де ұйықтау керек, ал 09:00-де тұратындар 15:00-де ұйықтайды.

Қанша сағат ұйықтау керек?
Бұған қатысты түрлі пікір бар. Мысалы Винтер 55-90 минут ұйықтауға кеңес береді. Ал ұйқы антропологы Дэвид Самсон ең дұрысы 55 минут дейді. Оның айтуынша, бастысы – жарты сағат, он бес минуттан ұйықтамау керек. Әйтпесе демалған құрлы болмайсыз.
04 тамыз 2019 ж. 415 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области