Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 20 азамат «Қызылорда қаласының Құрметті азаматы» атағын алады

20 азамат «Қызылорда қаласының Құрметті азаматы» атағын алады

Kyzylorda-news.kz. Елге еңбегі сіңген 20 азамат «Қызылорда қаласының Құрметті азаматы» атағын алады. Бұл туралы кеше өткен қалалық мәслихаттың кезектен тыс 44 сессиясында белгілі болды.

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Асқарбек Есжанов күн тәртібіндегі «Қызылорда қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы» мәселесі бойынша «Марапаттау» комиссиясына түскен ұсыныстардың ішінен 20 азаматтың кандидатурасы іріктелгенін айтты.
Сөйтіп қаланың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына ерекше үлес қосқан білім, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау, қаржы, құрылыс, кәсіпкерлік және өзге де салаларда қажырлы, абыройлы еңбек еткен азаматтар тұрақты комиссияда талқыланып, қалалық мәслихаттың сессиясына ұсынылды.
Сессия қорытындысымен депуттаттар тарапынан 20 азаматқа «Қызылорда қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы» шешім қабылданды.
Айта кетейік, бұдан өзге сессияның күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Атап айтар болсақ қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев биылғы жылдың І жартыжылдығында Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері мен атқарылған жұмыстары туралы баяндама жасады. Мұнан кейін қала әкімдігінің аппарат басшысы Ғалымжан Рахметов жыл басынан бері қала әкімдігінде қызмет ауыстырған басшылық құраммен келісуді ұсынды.

08 тамыз 2019 ж. 694 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области