Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 15 тамызға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Күніңіз сәтті басталады. Сондықтан шаруаларыңызды кейінге қалдырмаңыз. Дегенмен әріптестеріңізбен келіспей қалуыңыз мүмкін. олар сізді түсіне алмайды, сондықтан біразға дейін ақталуға тура келеді.

Торпақ
Майда-шүйде шаруалардан шаршайсыз. Кейде сол жұмысты өзіңізге-өзіңіз тілеп аласыз. Қателіктерді түзететін кез келді. Түстен кейінгі уақытыңыз тыныш өтеді. Тосыннан ақшалы болып, сәтті сауда жасайсыз.

Егіздер
Егер өте сақ болсаңыз, табысқа қол жеткізесіз. Бүгінгі күнге жоспарыңызды нақтылап алыңыз. Себебі ұсақ-түйек шаруалармен жүріп, маңызды мәселелеріңіз кейінге қалып қоюы мүмкін.

Шаян
Жемісті күн. Жұмыста берілген тапсырманы тиянақты орындайсыз. Жеке кәсіппен айналысатын болсаңыз, бүгін табысыңыз артады. Жаңа серіктестермен пайдалы келіссөздер жүргізесіз. Жұмысқа көп көңіл бөліңіз.

Арыстан
Түске дейінгі уақытыңыз қиындау өтеді. Таңертең шұғыл шешім қабылдауды қажет ететін жаңалық естейсіз. Шамалыдан соң барлығы орнына келіп, мәселе шешімін табады. ең бастысы асығыстық танытпаңыз.

Бикеш
Таңертең өзіңізбен әлек боласыз. Айналаңыздағы адамдармен түсінесе алмай қиналасыз. Кикілжіңдерге жол бермеңіз. Кез келген мәселені байыппен шешуге тырысыңыз. Сонда барлығы орнына келеді

Таразы
Мүмкіндіктер аз болғанымен, көп істі тындыруға күш-қуатыңыз жеткілікті. Табысқа жетуге бірнеше жол ашылады. Сіздің алдыңызда сол жолдың бірін таңдау мүмкіндігі тұр. Көпшілік сіз туралы мол мағлұмат алғысы келеді.

Сарышаян
Көп жұмыс атқару үшін белсенді болыңыз. Мықты қарсыласпен «жекпе-жекке» шығасыз. Саспаңыз: тек өз-өзіңізге сенімді болған жағдайда ғана жеңіске жетесіз. Өз ісіңізге өзгелерді араластырудан аулақ болыңыз.

Мерген
Қаржылық жағдайыңыз жақсара түседі. Айлық жалақыңыз өседі немесе қосымша табыс көзін табасыз. Қиын жағдайда оңтайлы шешім шығара аласыз. Жақындарыңызбен емен-жарқын әңгімелесіп, бір-бірлеріңізді жақсы түсінісесіздер.

Тауешкі
Қызықты таныстықтар, пайдалы кездесулер орын алады. Айналаңыздағы адамдармен тез тіл табысасыз. Сонымен қатар қызықты идеяларыңызбен елді таңқалдырасыз. Жаныңыздан жаңа көмекшілер табылады.

Суқұйғыш
Тәуекелге бел буа біліңіз. Әрбір істе тәуекелділік танытсаңыз жұлдыздар да сізді қолдап, жұмысыңыз сіз ойлағаннан да артығымен орындалады. Күнделікті істен еш жалықпайсыз, керісінше ләззат аласыз.

Балықтар
Мақсатқа жету оңай емес. Қазіргі сәттегі жағдай қиындау. Бірақ бұл сіздің алға қарай ұмтылуыңызға еш кедергісін келтірмейді. Сіз өте шыдамдысыз және табандылық таныта білесіз. Өзіңізге сеніңіз.
15 тамыз 2019 ж. 344 0

Ұқсас жаңалықтар:

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области