Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық 151 түлек грант иегері атанды

Қызылордалық 151 түлек грант иегері атанды

Kyzylorda-news.kz. Биыл мемлекеттік гранттан өзге, көпбалалы және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балаларға берілетін 5 мың грант бөлінді. Оның 390-ы Қызылорда облысына бағытталған.

Бүгін Қызылорда облысында білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі комиссия отырысы өткізіліп, грант иегерлері белгілі болды.
Гранттарды тағайындау процесі ашық, яғни БАҚ өкілдерінің қатысуымен жариялы түрде өткізілді.
Конкурстық комиссия жұмысына 167 түлектен өтініш келіп түскен. Жоғары оқу орнына түсу үшін құжат тапсырған түлектердің басым бөлігі педагогикалық мамандықтарды таңдаған. Аталған грант иегерлері Қазақстандағы 5 жоғары оқу орындарына оқуға түсе алады.
Комиссия мүшелері атаулы әлеуметтік көмек және көпбалалы отбасылардан шыққан жастардың талапқа сай құжаттарын, Ұлттық бірыңғай тестілеудегі межелі ұпайлары негізінде 167 түлектің 151-іне грант тағайындады. Қалған 14 түлектің құжаттары талапқа сай болмағандықтан түлектер грант иегері атана алмады.
Айта кетейік, 390 гранттың педагогикалық ғылымдар саласына - 151, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына – 86, әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласына – 7, өнер және гуманитарлық ғылымдар саласына – 7, инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына – 89, ауылшаруашылығы және биоресурстар саласына – 50 грант бөлінген.
14 тамыз 2019 ж. 318 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области