Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Балаңызды кеш батқанда сыртта ойнатпаңыз

Балаңызды кеш батқанда сыртта ойнатпаңыз

Kyzylorda-news.kz. Балалар сыртта, емін-еркін ойнағанды жақсы көреді. Кейде күнұзаққа ойнын қуып, кештің батқанын олар да, біз де байқамай қалып жатамыз. Тек қараңғы түскенін көріп, «үйге кір!» деп шақырып аламыз.
Ал, баланы кеш батқан соң сыртта қалдырмау керектігін білесіз бе? Оның себебі неде?
Жәбир (р.а.) Алла Елшісінің (с.ғ.с.) мына хадисін риуаят етеді: «Түн қанат жайғанда (яғни, кеш батқан кезде ) жас балаларыңды үйде ұстаңдар (яғни, осы уақытта оларды сыртқа шығармаңдар), өйткені сол кезде шайтандар (жер бетіне) тарайды, ал түннің біраз уақыты өткен соң оларды жібере беріңдер...». (Сахих Муслим).
Мұнда күн батқаннан түн қараңғылана бастаған кез туралы айтылған. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл уақытта шайтандар көп болатындықтан, олардың жас балаларға зиян тигізуінен қауіптенген. Ибн әл-Жәузи: «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) осы уақытта балалар үшін қауіптену себебі, олар (балалар) көбінесе шайтаннан қорғану дұғаларын біле бермейді. Ал, шайтандар таралған кезінде мүмкін болғанның бәріне жабысады», – деген.

17 тамыз 2019 ж. 348 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области