Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ДАРИЯ ДЕҢГЕЙІ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

ДАРИЯ ДЕҢГЕЙІ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА


    Осыған дейін «Қазгидромет» РМК Сырдария өзені «Көкбұлақ» гидробекеті аймағында 11-12 желтоқсан аралығында су өтімі секундына 1 500 - 1 800 текшеметрге дейін артып, оның соңы дарияның арнасынан асуына әкеліп соғуы мүмкін екендігін хабарлаған болатын.
    Осыған байланысты ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің 2017 жылғы 11 желтоқсандағы ресми хатына сәйкес, «Шардара» су қоймасынан Сырдария өзенінің төменгі ағысына жіберілетін су көлемін секундына 1 000 текшеметрден асырмау көзделуде. Кеше Шардара су қоймасынан дарияға осынша көлемде су жіберілді.  
     Сырдария өзенінің төменгі ағысында мұз қатуына байланысты Шардара су қоймасынан жіберілген судың 400 текшеметрін «Көксарай» су реттегіші қабылдайтын болды. Осылайша Су ресурстары комитеті өзеннің төменгі ағысына жіберілетін суды 600 м3/сек көлемде ұстап тұруды межелеп отыр.
    Осыған байланысты бүгіннен бастап «Көксарайға» секундына 400 текшеметр су жіберіле бастады.  
               Сонымен қатар, облыс аумағына мол су келген жағдайда «Қазсушар» РМК тарапынан каналдарға су жіберу кестесі әзірленді.
              Жалпы Сырдария дария бойындағы жағдай қатаң бақылауға алынды.   
    Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы

15 желтоқсан 2017 ж. 955 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области