Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 16 тамызға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Қарсыластарыңызды жеңіп, сізге жақсылық ойламағандарды шаң қаптырасыз. Кез келген істі оңайлықпен атқарып, алға қойған мақсатқа жету үшін барлығын жасайсыз. Әрине, мақсатқа жету көп еңбекті қажет етеді.

Торпақ
Алдағы күндерге жоспар құрмаңыз. Бұл жоспарларды орындау мүмкін емес. Босқа шығындалып қалудан сақтаныңыз. Түскі уақыт тым қарбалас болуы мүмкін. Дәл осы уақытта ойланбай іс жасамаңыз.

Егіздер
Бүгін жұмыс барысы сізді еш алаңдатпайды. Сізді жақындарыңыздың сіз орындай алмайтын өтініш айтып келуі алаңдатуы мүмкін. Бірақ сізге ешкім ренжімейді. Дегенмен қолыңыздан келгенше көмек көрсете біліңіз.

Шаян
Мақсатқа жету оңай емес, бірақ табандылық танытар болсаңыз ойыңыздағы орындалады. Есіңізде болсын, бүгін тек өзіңіз сенетін адамдарға ғана сеніңіз. Әйтпесе, әлдекімдер алдап кетуі мүмкін.

Арыстан
Мақсатқа жетуге деген талпынысыңызға ешкім кедергі келтіре алмайды. Жақсы нәтижеге жетемін деп өзге адамдардың қызығушылығына қол салмаңыз. Мұндай қадамға барар болсаңыз, сізді ешкім кешірмеуі мүмкін.

Бикеш
Іскерлік қабілетіңіз сізге пайдалы келісімдер жасауға және болашағы зор жобаларды таңдауға мүмкіндік береді. Сіздің іскерлігіңізге тең келер ешкім жоқ екенін өзіңіз де байқайсыз.

Таразы
Жетістікке жету үшін мақсаттарыңызды айқындап алғаныңыз жөн. Жолыңызда кездескен кейбір кедергілеріңізге алаңдамасаңызда болады. Сіз оларды жеңетін боласыз. Сондай-ақ бүгін көңіл-күйіңіз құбылмалы болмақ.

Сарышаян
Жұмыс деп жүріп жақындарыңызға берген уәдені ұмытып кетпеңіз. Түстен кейін отбасылық жағдайды ретке келтіресіз. Үйдегі мәселелер алғашқы да ұсақ-түйек болып көрінгенімен, соңынан оның өзекті екенін байқайсыз.

Мерген
Материалдық жағдайыңызды жақсартуға мүмкіндігіңіз бар. Бірақ ақшаданда маңызды мәселелер бар екенін ұмытпаңыз. Жақындарыңызға көп көңіл бөлгеніңіз жөн. Эмоцияға беріңлмеңіз, әйтпесе, біраз қателіктерге бой алдырасыз.

Тауешкі
Бүгінгі күн жаңа жұмыс табуға немесе өзіңізге көптен ұнап жүрген адамның көңілін өзіңізге аударуға қолайлы күн. Болмашыға бола мазаңызды қашырғыңыз келмейді. Алайда барлығы сіз қалағандай болмайтыны анық.

Суқұйғыш
Бүгін материалдық жағдайыңызды жақсартып, кейін мол табыс әкелетін келісім шартқа отыруға болады. Жұмыс жағынан айыңыз оңынан туғанымен, отбасыда жағдай басқаша болмақ.

Балықтар
Жаңа серіктестер мен көмекшілер табылады. Сіз оларға толық сенім арта аласыз. Олар жоғары лауазымды тұлғалар. Жаңа серіктестер тапқаныңызбен, ескі таныстардан байланысыңызды үзбеңіз.
16 тамыз 2019 ж. 301 0

Ұқсас жаңалықтар:

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области