Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Тамыз конференциясы басталды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Тамыз конференциясы басталды

Kyzylorda-news.kz. Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Тамыз конференциясы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Президентінің қатысумен өтіп жатқан шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 2 мыңнан астам мұғалім келген. Педагогтар конференция барысында білімді жаңғырту бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірлеп, білім беру жүйесінің мазмұнын жаңғырту аясында оны дамытудың негізгі бағыттарын айқындайтын болады. Сонымен қатар мұғалімдер білім сапасын арттыру және тәлім-тәрбие басымдықтары негізінде білім беру жүйесін жаңғыртудың проблемалы мәселелері мен келешегін талқылайды.
Жиын аясында отандық білімді дамытудағы ерен еңбегі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бірқатар педагог «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдарымен, ҚР Президентінің алғыс хатымен, «Ы.Алтынсарин» және «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталады.
Айта кетерлігі, 2019-2020 оқу жылында 4, 9 және 10 сынып оқушылары жаңартылған мектеп бағдарламасына көшеді. Сонымен қатар биыл 10 сынып оқушылары «Кәсіпкерлік пен бизнес негіздері» пәнін оқи бастайды. Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, оқушылардың бұл пәнді оқуы оларға болашақта мамандық таңдауына септігін тигізеді.

16 тамыз 2019 ж. 310 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области