Егер қыз баланың әкесі болсаңыз
Әке болу – бақыт. Бірақ, қыздары бар әкелер өздерін одан да бақыттырақ сезінеді. Ұрпақ жалғау үшін ұл маңызды деп күткенімен, қыздары үшін жанын беруге даяр әкелерді көргенде сүйсініп қаласың. Әке өз қызына нені үйретуі керек?
1. Жауапкершілік
Барлық тәрбиені алдымен жауапкершілікті үйретуден бастау керек. Бәріміз өзіміздің әр ісімізге жауапты екенімізді жақсы білеміз. Кішкентай қыз бала да бұны ұғынуы шарт. Бұл болашақта қыздың дұрыс шешім қабылдауына септігін тигізеді. Еркелікті уақытында ақылға жеңдіруге мүмкіндік береді.
2. Отбасылық құндылықтар
Әкесі қыз балаға үлкендерді сылауды үйретуі тиіс. Өйткені, өз ата-анасын шексіз жақсы көретін баладан болашақта өз баласына кұрметпен қарайтын ата-ана шығады. Отбасында әкенің орны қандай, ананың міндеті қандай болуы керек деген ұғымдарды әке ғана түсіндіре алады. Егер қыз бала әкесінің жасық екенін көріп өссе, болашақта оның таңдауы да жасық адамға түседі. Қыз бала жарын әкесіне қарап таңдайтынын естен шығармаңыз.

3. Сұлулық
Қыз баланы сұлулыққа үйрету – ең маңызды тәрбие бөлігі. Әжесі мен анасы боянуды, көйлек таңдауды үйретуі мүмкін. Бірақ, сұлулық сезімін әке үйретеді. Оның «қызым боянбай-ақ әдемісің» деген сөзі шынайы сұлулықты бағалауды меңзейді.

4. Тамақ пісіру
Тамақ дайындай білу маңызды әрі құнды екенін әке қызына сездіртуі тиіс. Ол үшін үйде дайындалған тамақты әке бар жан-тәнімен тамсанып жесе болғаны. Қыз бала өзінің сүйікті әкесі үшін түрлі дәмді асты дайындауды өзі-ақ үйреніп алады.

5. Мейірім
Бұл – қыз бала бойындағы ең маңызды қасиет. Мейірімділікті отбасыдан бастау керек. Баланың үмітін алдамай, өтірік уәде беруден қашсаңыз, қызыңыз сізге сеніммен артатын болады. Сенім – мейірімділікке бастайтын бірден-бір жол.

Барлық әкенің міндеті – қыздарынан нағыз ананы тәрбиелеу, өйткені, әнші, биші, бизнес-леди болуды қыздардың өздері таңдайды.
Әкелік жолда сізге кедергі үш айдаһар бар: керемет жағдай, мәртебе мен мансап. Бұлар сізді отбасыңыздан алшақтату үшін бәрін жасайды. Оларды тек балалары мен жарын кіршіксіз сүйетін адам ғана жеңе алады.
Есіңізде сақтаңыз: ерекше әкелер өзінің ерекшелігін ғана ойлайды, ал, нағыз әкелер қызының ерекшелігін мақтан тұтады.