Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Енді ағылшын тілі бастауыш сыныптарда оқытылмайтын болды

Енді ағылшын тілі бастауыш сыныптарда оқытылмайтын болды

Kyzylorda-news.kz. Ағылшын тілін оқытуды 2-3 сыныптан немесе ата-аналардың қалауына қарай 5-сыныптан бастау орынды әрі тиімді болады. Бұл туралы бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Президент үштілді білім беру жүйесін енгізу күн тәртібіндегі өзекті тақырып екенін атап өтті. Ең алдымен, бұл мәселені жан-жақты талдап, салмақты шешімге келу қажет, деді ол.
"Үштілді жүйеге көшу оқытушылар мен білім беру бағдарламаларының дайындығына қарай жүзеге асады. Бұл ретте ғылыми-жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту білім орталықтарының кадрлық мүмкіндіктеріне қарай оқушылар мен ата-аналардың қалауы бойынша іске асырылуы тиіс", - деді Тоқаев тамыз конференциясында.
Мемлекет басшысы осы орайда тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақ тілі үш тілдің біреу болып қалмайды, үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді" деген өнегелі сөзін еске салды.
"Сондықтан ағылшын тілін оқытуды 2-3 сыныптан немесе ата-аналардың қалауына қарай 5-сыныптан бастау орынды әрі тиімді болады деп санаймын", - деді ол.
Президенттің айтуынша, жоғары сыныптарда жаратылыстану, техникалық пәндерді мектептердің дайындығына қарай жүргізу қажет.

16 тамыз 2019 ж. 546 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области