Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Банкоматтан тауып алған ақшаны иесіне қайтарған қызылордалық сырымен бөлісті

Банкоматтан тауып алған ақшаны иесіне қайтарған қызылордалық сырымен бөлісті

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласының тұрғыны Қарлығаш Маханова банкоматта қомақты ақшасын қалдырып кеткен жерлесінің ақшасын түгелдей қайтарып берді. Бұл туралы облыстық «Сыр бойы» газеті жазды.

Ол таңертең «Қызылорда» супермаркетінінің ішінде орналасқан банкоматқа ақша алуға келеді. Онда банкомат алдында қомақты ақшаның жатқанын көзі шалды. Қарлығаш бұл ақшаны иесіне қайтаруға шешім қабылдайды. Осы мақсатта әлеуметтік желіге ақшаны иесіне қайтару мақсатында хабарландыру жариялайды.
«Өмірде түрлі жағдай болады. Белгісіз біреудің банкоматта ақшасын ұмытып кеткені мені ойландырып тастады. Сол үшін әлеуметтік желіге «қай жердегі банкомат және қанша ақша барын айтса егесіне қайтарамын» деп хабарлама қалдырдым. Ертесіне кешке жақын ақша егесі маған хабарласты. Мен оны нақтылай түсуге тырыстым. Қазір ел ішінде алаяқтар көп қой. Банкоматта орналасқан камераны кері айналдырып қарадым. Ақшаны ұмыт қалдырған адамның қандай киім кигенін нақтылап алдым. Сол кісі екен. Ұмыт қалдырған адам түнгі ауысымнан шыққан екен. Үйіне келгенде қаржысын қалдырып кеткені еске түседі. Өзім де көпбалалы анамын. Мүмкін ол кісінің де балалары бар шығар деп ойладым», - деді Қарлығаш.
Қарлығаш бүгінде бала тәрбиесімен үйде отыр. Ол осылайша ақша жоғалтқан адамның алғысын алды.
22 тамыз 2019 ж. 339 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области