Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мұғалімдер бес күндік жұмыс аптасына қашаннан бастап көшеді?

Мұғалімдер бес күндік жұмыс аптасына қашаннан бастап көшеді?

Kyzylorda-news.kz. Қазақстандағы мектептерді бес күндік оқу аптасына көшіру мәселесі жыл соңына дейін шешіледі. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазір мұғалімдер қауымын мазалап отырған үлкен мәселе – бұл бес күндік жұмыс аптасы. БАҚ беттерінен Асхат Қанатұлының (министр Аймағамбетов – Sputnik) бұған қатысты айтқанын оқыдыңыздар. Әр мектеп педагогтар кеңесінде бұл мәселені талқылап, өздерінің типтік оқу жоспарларына қарай бес күндік оқу аптасына көше алады. Білім және ғылым министрлігі мектептерге осыны ұсынып отыр", - деді вице-министр елордада өткен тамыз конференциясында.
Айтуынша, егер мектеп бес күндік оқу аптасына ауысса, мұғалім сенбі күнді өз қалауына қарай өткізуге құқылы.
"Мұғалімдер ол күнді үйде, балаларының қасында өткізе алады. Бірақ, мектеп әкімшілігі айына бір рет педагогикалық кеңесті шақырып, не болмаса тағы басқа шаралар ұйымдастыруы мүмкін. Сондықтан бес күндік жұмыс аптасына қатысты мәселе биыл түпкілікті шешіледі деген ойдамыз", - деді Жақыпова.
Айта кетсек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен тамыз конференциясында білім министрі Асхат Аймағамбетов мектептерге бес күндік оқу аптасына көшуді ұсынған болатын. Қазір кейбір өңірлерде мұғалімдер аптасына бес күн ғана істейді. Бірақ, сенбі күні де мектепке шақырылатын көрінеді.

22 тамыз 2019 ж. 487 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области