ЕРКІН ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІ НҰРЛЫ
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай Сыр бойындағы «Нұр Отан» партиясы өкілдері «Біздің тірегіміз-тәуелсіздік, тілегіміз-тұрақтылық, білегіміз – бірлік!» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді. Оған партия ардагерлері мен белсенділері, жасотандықтар және БАҚ өкілдері қатысты.
Кездесу барысында «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов жиылғандарды тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, атаулы күннің маңызына тоқталып өтті.
-Қазақстан халқы үшін Тәуелсіздіктің мәні де, мағынасы да, мазмұны да ерекше. Біздің тәуелсіздік - ұлттық асқақ рухтың ежелден азаттыққа ұмтылғыш қасиеттің жемісі. Ұлт қамы үшін атқа қонған ата-бабалар арманы орындалып, мемлекетіміз алыс-жақын елге танылды,-деді Шәріп Әбдірахманов.
Жиында еркіндік алғалы бері жеткен жетістіктеріміз, елдегі бірлік, тұрақтылық мәселесі де сөз болды. Ардагерлер тәуелсіздігіміздің құндылығы жайлы ой айтып, Елбасы бастамасына орай рухани жаңғыру бағытында қоғамның жаңа бағытына жастарды жұмылдыру жайлы пікірлерін жеткізді.
Дөңгелек үстелді қорытындылаған қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов ел дамуына үлес қосқан партия белсенділерін алғыс хатпен марапаттады.