Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 6800 оқушы автобуста тегін қатынау құқығына ие болды

Қызылордада 6800 оқушы автобуста тегін қатынау құқығына ие болды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында әлеуметтік жағдайы төмен отбасындағы оқушылар жаңа оқу жылынан бастап қоғамдық көліктерде тегін жүреді. Олардың жалпы саны 6800 оқушыны құрайды. Бұл туралы облыстық білім басқармасы мәлімдеді.
Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 68 млн 600 мың теңге қаржы бөлінді. Игілікті бастама ел Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысымен бекітілген әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау ережесі негізінде қолға алынып отыр. Ендігі кезекте сол санатқа енгізілген жас өрендер қалаішілік автобустарда тегін қатынай алады.
«Мұндай санатқа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар, мемлекеттік атаулы көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасының балалары жатқызылады. Сондай-ақ, оған жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, бірақ отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балалар, білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттары енгізілген», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық білім басқармасы.
Мұндай қамқорлыққа ие болған оқушылар қай сыныпта оқитынына қарамастан оларға бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қоғамдық көлікте тегін жүру жеңілдігі беріледі. Бұл мақсатта құжат жинау мен рәсімдеу ісімен мектеп басшылығы айналысады.
22 тамыз 2019 ж. 334 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области