Жұлдыздар не дейді?
Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 25 тамызға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Бүгін сіз есепке шорқақ боласыз. Сондықтан жалғыз жүріп сауда жасамағаныңыз жөн. Күн демалыс болғандықтан ұйқыңызды қандырып алыңыз. Не болмаса өзіңізге ұнайтын іспен айналысыңыз.
Торпақ
Өзіңіздің сырт келбетіңізге көп көңіл бөліңіз. «Адам көркі – шүберек» демекші, киім-кешегіңізді жаңалауға тырысыңыз. Сонымен қатар біліміңізді жетілдіріп, өзіңізді шыңдаңыз.
Егіздер
Бүгін өз-өзіңізге көңіліңіз толып, өзіңізді мақтан тұтасыз. Егер бүгін отырысқа барар болсаңыз, сіз бұл ортаның нағыз «жұлдызы» боласыз. Сондай-ақ денсаулығыңызға көп көңіл бөліңіз.
Шаян
Бүгінгі күніңіз жайма-шуақ болады. Ешкім сіздің мазаңызды алмайды. Отбасы мүшелері өз-өздерімен, әркім өз ісімен айналысып, өздеріне жүктелген шаруаны дер кезінде атқаратын болады.
Арыстан
Бүгін көп уайымға салынбаңыз. Осы уақытқа дейін қарым-қатынастарыңыз дұрыс болмаған жандармен қайта татуласасыз. Қаржы жағынан аздаған қиындықтар туындауы мүмкін. Оған жақындарыңыз көмектесетін болады.
Бикеш
Бүгін сізге ешкім көмектесе алмайды. Бірақ сіз барлық жұмысты өзіңіз атқарып, жауапкершілік жүгін сезінетін боласыз. Бүгін киім немесе үйге қажетті тауар алатын болсаңыз, жолыңыз болады.
Таразы
Күш-жігеріңіз бойыңызға сыймай, жақсы көңіл-күйде боласыз. Қонаққа барудан бас тартып, үйде болғаныңыз жөн. Отбасыңызға көңіл бөліңіз. Түстен кейін отбасылық мереке ұйымдастырып, балаларыңызға қуаныш сыйлаңыз.
Сарышаян
Эмоцияңызды сыртқа шығармауға, демалысты жақсы көңіл-күйде өткізуге тырысыңыз. Үй тіршілігін кейінге қалдырыңыз. Достарыңыз немесе туыстарыңыз көмек сұраса, қол ұшын беруден қашпаңыз. Түсіңізде аян беруі мүмкін.
Мерген
Күтпеген жаңалық орын алады. Біраз мәселелер туындауы мүмкін. Уайымдамаңыз олардың барлығы тез арада шешімін табады. Бүгін отбасыңызға сіздің қолдауыңыз жетіспейді. Барынша оларды қолдап, қорғап жүріңіз.
Тауешкі
Бүгінгі күннің қалай өтетіндігі тек өзіңізге байланысты. Егер жақсы көңіл-күйде жүрсеңіз, барлығы жақсы болмақ. Ал қабағыңыздың ашылмауы, жолыңызда көп кедергілердің пайда болуына әкеп соғады. Сондықтан күліп жүріңіз.
Суқұйғыш
Қажетсіз істерге күш-жігеріңізді босқа жұмсап алмаңыз. Демалыс күндерге құрған жоспарларыңызды нақтылап алыңыз. Сонда күніңіз сәтті өтіп, жұмысыңыз тиянақты орындалатын болады.
Балықтар
Бүгін демалыс. Сондықтан бұл күнді үйде, жақындарыңыздың арасында өткізіңіз. Отбасыңызға көп көңіл бөліңіз. Отбасылық мереке ұйымдастырып, үй ішіндегілерді қуантыңыз. Бірақ үй шаруасымен айналысудың қажеті жоқ.