Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Арыстағы әскери бөлімнің командирі жарылысқа кінәлі ме?

Арыстағы әскери бөлімнің командирі жарылысқа кінәлі ме?

Kyzylorda-news.kz. Арыстағы жарылысқа қатысты әскери бөлімнің командирі мен оның орынбасары қамауға алынды, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

«2019 жылдың 23 тамызында ІІМ Тергеу департаментінің қылмыстық істер жөніндегі Әскери-тергеу басқармасымен Арыс қаласындағы арсеналдың жарылу фактісі бойынша әскери бөлімнің командирі мен оның орынбасары – артиллериялық қару-жарақ сақтау базасының бастығы ұсталды», - делінген ІІМ хабарламасында.
Ұсталған күдіктілер ҚР ҚК 462-бабы 3-бөлігінде қарастырылған (жарылғыш заттарды ұстау ережелерін бұзу), 453-бабы 2бөлігі (ауыр зардапқа апарып соққан немқұрайлылық) бойынша қамауға алынған.
«Бүгін Түркістан облысы Арыс аудандық сотымен аталған адамдарды 2 айға «Қамауға алу» шарасы қабылданды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», - деді ІІМ.
26 тамыз 2019 ж. 346 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области