Мұғалімдерді артық жұмысқа тартқандарға 120 АЕК айыппұл салынады
Kyzylorda-news.kz. Мұғалімдерді өзіне тән емес қызметке тартқандарға 120 АЕК-ке дейін айыппұл салынады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын таныстырған ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Педагогтың жүктемесін қысқарту бойынша жеке нормалар көзделген. Бұл орайда, мұғалімнің кәсіби фракциясына кірмейтін міндеттерді жүктеуге, шамадан тыс есеп беруге, негізсіз тексерулер жүргізуге тыйым салынатын болады. Құқық бұзушылық субъектісіне байланысты мұғалімдерді өзіне тән емес функцияларға және артық есеп беруге тартқаны үшін 20-дан 120 АЕК-ке дейін айыппұл заң жобасында қарастырылған», - деді министр.