Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Адам кондиционерден ауыруы мүмкін бе?

Адам кондиционерден ауыруы мүмкін бе?

Ыстық күні адамдар екі топқа бөлінеді: "мен ыстықтап отырмын" және "маған жел соғып тұр". Ғылым кондиционерлер жайлы не дейді?
Кондиционер себебінен тұмаулап қалу мүмкін бе?
Кондиционердің өзінен тұмаулап қалу мүмкін емес. Ауа салқындататын техника немесе жел тұмауды шақырмайды. Тұмау тек вирустар себебінен пайда болады. Алайда суық ауа ағза қорғанышын уақытша әлсіретіп жіберуі мүмкін. Сол кезде ағза микробтарға қарсы тұра алмайды. Бірақ оған кондиционер кінәлі екені туралы нақты дәлелдер жоқ.
Сонымен қатар, құрғақ ауа шырышты қабыққа ауру қоздырғыштардан қорғануға кедергі келтіреді деген де болжам бар. Ал кондиционер ауа ылғалдығын төмендетеді.
Әдетте, кондиционер тұрған бөлмені өте сирек желдетеді. Сондықтан ауадағы вирустар шоғырлануы өсіп, жұқпа жұқтырып алу қаупі жоғарылай түседі.

Кондиционердің бактерия тарататыны рас па?
Кондиционер сүзгісі шынымен де шаң, аллерген және қауіпті микроағзаларды жинайды. Солардың себебінен адамның ауырып қалуы әбден мүмкін. Бірақ мұндай жағымсыз жағдай орын алмас үшін тазалық сақтау жеткілікті. Кондиционер сүзгісін уақытылы жуып немесе ауыстырып тұру керек.

Ағзаға құрғақ ауа қаншалықты зиян?
Ылғалдың жетіспеуі тұмау ауруларының, тері және өкпе мәселелерінің даму қаупін жоғарылатады. Ауа кондиционер себебінен құрғап кетпес үшін үйге суы бар ыдыстар қойып қойыңыз және душтан соң есікті ашық қалдырыңыз. Әрине, ең дұрысы – ауа ылғалдандырғыш сатып алу. Өмірге қолайлы ылғалдылық деңгейі – 45-55%.

Бөлме температурасы қандай болуы керек?
Жылы күндері бөлме температурасы 22-25 градус болуы керек. Ыстық күні көшеден келген бойда жылдам салқындағыңыз келіп тұрса да кондиционер желін күшейтіп қоюдың қажеті жоқ. Себебі ағза ыстықтан кейін суыққа бейімделіп үлгермейді. Дала мен бөлме температурасының айырмашылығы көп болған сайын ол ағза үшін күйзеліс болып келеді.

30 тамыз 2019 ж. 371 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области