Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалы ауданының әкімі жас кәсіпкерлермен кездесті

Қазалы ауданының әкімі жас кәсіпкерлермен кездесті

Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев Әйтеке би кенттік клубында ашық есік күнін өткізіп, жас кәсіпкерлермен кездесті.
Басқосуда алдымен аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ақтілеу Бөріқұлақов, кәсіпкерлік палатасының директоры Ермек Аймаханов,
«Ауылшаруашылығы қаржылай қолдау» қоры акционерлік қоғамының Қазалы ауданындағы өкілі Қанат Сүйеубаев хабарлама жасап, өз салалары бойынша жан-жақты бағыт-бағдар берді.
Мұнан соң кездесуге келген тұрғындар аудан әкіміне сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
Өз кезегінде аудан әкімі Мұрат Ергешбаев жастарға ерінбей еңбек етіп, қолыңнан келетін кәсіппен айналысуға кеңес берді.
«Бүгінгі таңда біздің елімізде кәсіпкерлікпен айналысам деушілерге барлық жағдай жасалған деп ойлаймын. Әрине, қолынан жұмыс келетін адам талап қылып, бірден іске кірісіп кетеді. Бұл ретте мен әрдайым Ғани Мұратбаев ауылындағы жас кәсіпкер Сұлтанды көпке үлгі етіп айтып жүремін. Ол алғашында жеңілдетілген несие арқылы 2 жылқы алды. Бүгінгі күні ол мал санын төртеуге жеткізіп, қымызын сатып отыр. Қарап отырсаң жап-жас бала осының бәрін игеріп отырған. Мұндай мысалдар көптеп кездеседі. Мысалы Абай ауылында он саусағы жоқ ісмер азамат бар. Ол ештеңе қарамастан тігінмен айналысып, қайтарымсыз грантқа да қол жеткізді. Еңбектенген адамға жұмыс істеуге болады ма? Әрине болады. Ал, «жоқ, жоқ» дей берсең ештеңе де болмайды», – деді Мұрат Нәлхожаұлы.
Шара соңында аудан басшысы «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша оқыған жастарға сертификаттарын табыстады.

01 қыркүйек 2019 ж. 413 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области