Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Елдегі мәселелер көшеде емес, Парламентте шешілуі керек - Қасым-Жомарт Тоқаев

Елдегі мәселелер көшеде емес, Парламентте шешілуі керек - Қасым-Жомарт Тоқаев

Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев депутаттар өзінің заңды құқығын пайдаланып, Үкіметке өзекті мәселелер туралы сауал жолдап, одан нақты шараларды қабылдауды талап етуі керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біріншіден, партиялы құрылым процесін жалғастыру керек. «Нұр Отан» партиясы біздің көшбасшымыз және оның төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында күрделі әрі жауапты миссияны орындап келеді. Біз қоғам үшін пайдалы істерді тындырып жүрген басқа да саяси партиялар және қозғалыстармен серіктесуіміз керек. Біздің қоғамды мазалаған негізгі мәселелер көшелерде емес, азаматтық диалог аясында Парламентте шешілуі тиіс. Депутаттар өзінің заңды құқығын пайдаланып, Үкіметке өзекті мәселелер туралы сауал жолдап, одан нақты шараларды қабылдауды талап етуі керек», - деді Президент Қазақстан халқына Жолдауында.
Еске сала кетсек, елордада ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы басталды.
Жиын барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы Жолдауын жариялауда.

02 қыркүйек 2019 ж. 362 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области