Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Оқушыларға кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшуіміз қажет - Президент

Оқушыларға кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшуіміз қажет - Президент

Kyzylorda-news.kz. Оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшуіміз қажет. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі. Еліміздің бюджеті екі негізгі мақсатқа бағытталуы тиіс. Экономиканы дамыту және әлеуметтік мәселелерді шешу. Әлеуметтік салада мынадай бағыттарға баса мән беру керек. Бірінші - білім беру сапасын жақсарту», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан Президентінің айтуынша, елімізде еңбек ресурстарының балансын есепке алудың тиімді әдістемесі әлі күнге дейін әзірленген жоқ. Шын мәнінде мамандар даярлаудың отандық жүйесі нақты еңбек нарығынан тыс қалған.
«Жыл сайын 21 мыңға жуық мектеп түлегі кәсіби және жоғары оқу орындарына түсе алмай қалады. Жастардың бұл тобы жұмыссыздар мен маргиналдардың негізін құрайды. Олар амалының жоқтығына қылмыстық және экстремистік ағымдардың ықпалына түседі. Біз оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшуіміз қажет. Бұл саясат орта білім берудің ұлттық стандартының негізі болуы тиіс», - деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев экономикамызда техника саласының мамандарына сұраныс өте жоғары екендігін атап өтті.
«Бірақ, мүмкіндіктер аз. Кәсіпорындар тиісті мамандарды шетелден шақыруға мәжбүр. Осындай келеңсіз жағдайды жедел түзетуміз керек», - деді Мемлекет басшысы.
02 қыркүйек 2019 ж. 432 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области