Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Елімізде темір жол билетін сатуды реттейтін норма енгізіледі

Елімізде темір жол билетін сатуды реттейтін норма енгізіледі

Kyzylorda-news.kz. Темір жол билетін сатуды реттейтін норма енгізіледі. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек мәлім етті.

«Жолдауда айтылған мәселелердің бірі әуе билеттеріне қатысты болды. Бүгінгі тарифтердің құнын түсіру мақсатында осы жылдың 1 мамырында бірінші отандық төмен бюджетті «Флай Арыстан» тасымалдаушы жұмысын бастады. Осы жылдың соңында «Флай Арыстан» орындайтын рейстер санын күніне 14-тен 28 жиілікке дейін арттыру жоспарланды. Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры» АҚ-пен біріге отырып Үкімет әуе кемелерінің паркін ұлғайту мақсатында «Эйр Астана» және «Қазақ Эйр» әуе компанияларын қосымша капиталдандыруды көздеп отыр», - деді ол Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған Үкімет отырысында.
Вице-премьер темір жол билеттерінің тапшылығы мәселесіне де тоқталды.
«Темір жол билеттері жетіспеушілігінің алдын алу мақсатында билеттерді сатуды цифрландыру жүргізіліп жатыр. Билеттерді сатуды реттейтін норма енгізіледі және осы жылдан бастап «Қазақстан темір жолы» компаниясы 100-ден астам жаңа жолаушылар вагонын алады», - деді Жеңіс Қасымбек.
03 қыркүйек 2019 ж. 294 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области