Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Еліміздегі танымал қораптағы сүттен қауіпті бактерия табылды

Еліміздегі танымал қораптағы сүттен қауіпті бактерия табылды

Kyzylorda-news.kz. Ресейде Қазақстанда шығатын атақты сүт маркасын саудалауға тыйым салынды. Россельхознадзор ветеринарлық-санитарлық талаптың бұзылуына байланысты Қазақстаннан баратын бірқатар өнімге уақытша шектеу қойды, деп хабарлайды РИА Новости.

Ресейлік мамандар қазақстандық «Зенченко и К» сүтінде қауіпті бактерия – ішек таяқшаларын тапқан.
«5 қыркүйектен бастап ветеринарлық және фитосанитарлық бақылаудың федералдық қызметі Армениядан келетін «Гойтекс» өнімдері мен қазақстандық «Зенченко и К» өнімдеріне уақытша шектеу қояды. Бұл – Еуразиялық экономикалық одақ пен Россельхознадзор талабының қайта бұзылуына байланысты", – деп жазылған хабарламада.
Ветеринарлық-санитарлық талаптың бұзылуына байланысты Россельхознадзор зертханалық бақылауды күшейтті.
«Вest Milk», «SMAK-PV» және «Арал» сервистік дайындау орталығы» ЖШС-нің өнімдері жіті тексерістен өтеді.
Сондай-ақ, ресейлік мамандар сары май, жартылай дайын ет өнімдері мен балықты дайындау кезінде де арнайы талаптар сақталмағанын айтады.
05 қыркүйек 2019 ж. 254 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области