Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Абылай ханның монументіндегі асатаяққа не үшін лифт орнатылады? (ФОТО)

Абылай ханның монументіндегі асатаяққа не үшін лифт орнатылады? (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Абылай ханның ескерткішінің эскиздік жобасын «Қазақстан Барысы» даму қоры Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Арман Шораев өзінің Facebook-тегі парақшасында көрсетті.
Ескерткіштің іргетасы ретінде пайдаланылатын ғимаратта мұражай экспозициясы, конференц-зал, көрме залы және тағы басқалары орнатылады деп жоспарланып отыр. Монументтің жалпы биіктігі – 54 метр. Ханның асатаяғында айналаны тамашалайтын алаңға шығатын лифт орнатылады.
Абылай ханның мүсіні тот баспайтын болатпен қапталады деп жоспарланып отыр.
«Мұның эскиздік жоба екенін ескере отырып, жобаны арзандату және эстетикасын жақсарта түсу мақсатында кәсіби сәулетшілерден кәсіби тұрғыда ұсыныстар мен пікір алғым келеді», - деп жазды Арман Шораев.
Сондай-ақ, ол мұндай жобалар елімізге ұлттық сана-сезім мен отансүйгіштікті арттыру элементі, сонымен қатар ішкі және сыртқы туризмді дамыту тетегі ретінде қажет деп сенім білдірді.
«Мұндай мемориал далалықтардың ұлы билеушілерінің бірін еске алуға арналған құрмет ретінде қажет екеніне сенімдімін. Абылайдың арқасында жоңғарларға күшті қарсылық көрсетті және біздің ата-бабаларымыз территорияны бақылауға алып, этнос ретінде сақталды», - деп атап өтті «Қазақстан Барысы» даму қоры Қамқоршылар кеңесінің төрағасы.


06 қыркүйек 2019 ж. 337 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области