Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Банктің «қара тізіміне» енгендер үшін жақсы жаңалық шықты

Банктің «қара тізіміне» енгендер үшін жақсы жаңалық шықты

Kyzylorda-news.kz. Ұлттық банк коллекторлық компанияларға кетіп қалған кредиттерді мемлекет тарапынан өтеуге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Банк төрағасының орынбасары Олег Смоляковтың айтуынша, президенттің жарлығы бойынша екінші деңгейлі банктер мен микроқаржыландыру ұйымдарының балансында тұрған кредиттер мемлекет тарапынан өтеледі. Осы тізімге коллекторлық компанияға кетіп қалған несиелер кірмейді. Алайда кредитті коллекторға берудің екі формасы бар.
"Біріншіден, банктер кредитті өтеу шараларын коллекторлық компанияға тапсырғанда кредитті өз балансында қалдыруы мүмкін. Ондайда коллекторлар тек банктің атынан қарызды өтеуді талап етеді. Банктің балансында тұрған мұндай кредиттер мемлекет тарапынан өтеледі. Ал банк кредитті коллекторлық компанияға сатып жіберсе, ол баланстан кетіп қалады. Бұл – банктің коллектормен жұмыс істеудің екінші формасы. Осы санатқа жататын кредиттер мемлекет тарапынан өтелмейді", - деді Смоляков астанада өткен баспасөз мәслихатында.
Оның сөзіне қарағанда, тамыз айында 507363 адамнан тұратын нақты тізім әзірленген болатын. Сол бойынша 105 миллиард 174 мың теңгенің кредиттері өтелді. Қарыз бен шағын кредиттердің жалпы саны 630 мыңнан асты.
"Олардың ішінде 263525 азаматтың кредиті толығымен өтелді. Бұл барлық азаматтың жартысын, нақты айтсақ, шамамен 52 процентін құрайды. Осы орайда айта кеткен жөн, үкімет қаулысы бойынша мемлекет тарапынан кредитті өтеу кезекпен атқарылады. Алдымен жылдық мөлшерлермесі жоғары кредиттер өтеледі. Одан кейін берешегі көп займдар және мерзімі жағынан ерте рәсімделген кредиттер келеді. Жұмыс осы кезекпен жасалады", - дейді Смоляков.

10 қыркүйек 2019 ж. 352 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области