Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жыр жаттаған жеңімпаз 1 миллион теңге алады

Жыр жаттаған жеңімпаз 1 миллион теңге алады

Kyzylorda-news.kz.Республикалық «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы басталды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Мәди Бекмағанбетов пен байқаудың облыстағы штаб жетекшісі Дәурен Омаров мәлімдеді.
Байқауда 6-10 сынып оқушылары 132 беттен 5206 жолдан тұратын «Қобыланды батыр» жырының Марабай жырау нұсқасын жатқа айтып, жырдың ішіндегі көнерген, тарихи сөздердің мағынасын ашып, қазақ тілі мен әдебиеті оқулығы бойынша әзірленген сұрақтарға жауап береді.
Байқауға республика бойынша 5621 мектептен 51 328 оқушы, 23 138 мұғалім тіркелген. Ал, Қызылорда облысы бойынша 2733 оқушы қатысады.
Балалардың қанша бет жаттағаны туралы мәлімет Qazaqepos.com сайтына апта сайын енгізіліп отыр. Қазірдің өзінде жүздеген оқушы 132 беттік «Қобыланды батыр» жырын толық жаттаған.
Байқаудың бірінші, аудандық кезеңі 16-26 қыркүйек күндері, екінші облыстық кезеңі 2 қазан күні Асқар Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде өткізіледі. Ал, 3-ші кезең республикалық кезеңі «Қазақстан» ұлттық арнасының тікелей эфирі арқылы насихатталады.
Аудандық кезеңде І орын иеленген оқушы 150 000 теңге, облыстық кезеңде І орын иеленген оқушы 1 млн.теңге иеленеді.
11 қыркүйек 2019 ж. 436 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области