Жұлдыздар не дейді?
Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 16 қыркүйекке арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Отбасы мүшелерімен әсіресе ерлі-зайыптылар арасында жан-жал туындауы мүмкін. Бүгін несиеге зат сатып алуға болады. Бизнесте тасыңыз өрге домалайды.
Торпақ
Үй сатып алуға және тұрмыстық заттарды алуға қолайлы күн. Сауықтыру шараларын қоланып, ем қабылдаңыз.
Егіздер
Армандауға және болашақ туралы ойлануға жақсы күн. Жоспарланбаған заттарды сатып алмаңыз. Әсіресе бөліп төлеуге.
Шаян
Құжаттарыңызға назар аударыңыз! Күннің екінші жартысы қаржылық мәмілелер жасау және шетелдік серіктестермен келісімшарттар жасау үшін сәтсіз болады. Басшылармен келеңсіздік орын алуы мүмкін.
Арыстан
Бүгін жұмыста күтпеген жағдай орын алуы мүмкін. Қаржы, несие саласындағы жұмыстарыңызды кейінге қалдырыңыз.
Бикеш
Бүгінгі кешіңізді отбасыңызбен және туыстарыңызбен өткізгеніңіз жөн. Ағымдағы мәселелерді шешуге, сапарға шығуға қолайлы уақыт.
Таразы
Таңертең көлік жүргізу кезінде абай болыңыз! Салонға барып, келіссөздер жүргізуге жақсы уақыт.
Сарышаян
Сарышаяндарды тосынсый күтіп тұр. Қызықты ұсыныстар түседі. Ұсынысты қабалдамас бұрын мұқият ойланып барып, шешім қабылдаңыз.
Мерген
Бүгінгі күн махаббат пен достық үшін қолайлы. Басшыларыңызбен, ата-аналарыңызбен, сүйіктіңізбен әңгімелесудің реті келіп тұр. Бұл сіздердің қарым-қатынастарыңызды жақсартады.
Тауешкі
Қызметте төтенше жағдай туындайды. Барлығын бірден шешпеңіз, бір бағытта әрекет етіңіз.
Суқұйғыш
Серіктестердің ұсыныстары сіздің болашақ өміріңізді жоспарлауға негіз болады. Отбасылық жылжымайтын мүлікке қатысты туыстарыңызбен жанжалдарға жол бермеңіз.
Балықтар
Бүгін өзіңізге демалыс жариялаңыз. Киноға барып, кітап оқыңыз. Жоғары қан қысымымен ауыратын балықтар физикалық және эмоционалды жүктемелерден бас тартуы керек.