Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Үкіметті алдамақ болған 1094 отбасының әрекеті әшкере болды

Үкіметті алдамақ болған 1094 отбасының әрекеті әшкере болды

Kyzylorda-news.kz. Батыс Қазақстан облысында 2516 отбасының атаулы әлеуметтік көмек алуының заңдылығы тексерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, тексеру нәтижесінде аталған отбасылардың 586-сына төлем уақытша тоқтатылып, тағы 508 отбасына төлем мүлдем төленбейтін болды.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Қайырғали Надырғалиевтің айтуынша, АӘК тағайындау кезінде ең көп таралған бұзушылық нақты табыстарды жасыру болып отыр.
«Оралда алты баланың анасы өткен жылдың желтоқсан айынан бастап АӘК ала бастады. Әлеуметтік көмек алудың заңдылығын тексеру барысында біз отбасының нақты табысының жасырылғанын анықтадық. 2018 жылы жеке кәсіпкер ретінде тіркелген отағасының 6 миллион 904 мың 550 теңге көлеміндегі табысын жасырған. Осы жылдың бірінші жартыжылдығындағы салық есептері бойынша отбасының табысы 3 миллион 877 мың теңгені құраған. Қайта есептеу нәтижесінде отбасына АӘК төлеуден бас тартылды», – деді Қайырғали Надырғалиев.
Осыған ұқсас жағдай Жаңақала ауданында да орын алды. Өткен жылдың сәуір айында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында өтініш берушінің қайын атасы 5 миллион 200 мың теңге көлемінде кредит алып, ол қаражатқа 17 ірі қара мал сатып алған.
«Өтініш берушінің бірге тұрып жатқан қайын атасы жеңілдетілген кредитке сатып алған ірі қара малды көрсетпестен отбасының нақты табысын жасырғанын ескере отырып, оған 1 млн 530 мың 612 теңге көлемінде АӘК төлеу тоқтатылды. Сәуір мен мамыр айларында 255 мың 100 теңге көлемінде төленген қаражат бюджетке қайтарылды», – деді Надырғалиев.
2019 жылғы 16 қыркүйектегі жағдай бойынша БҚО-ның 59 мың 566 тұрғыны немесе 11 мың 778 отбасы 3,7 млрд теңге көлемінде АӘК алды.
Естеріңізге сала кетейік, АӘК тағайындау мен төлеудің дұрыстығын мониторингтеу нәтижесінде 72 мыңнан астам атаулы әлеуметтік көмек алушы табысы туралы жалған ақпарат бергені анықталды. Осыған байланысты Министрлік әкімдіктермен бірлесе отырып, әрбір анықталған факті бойынша бұзушылықтарға жол бермеу және «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» ҚР Заңын бұзып заңсыз тағайындалған төлемдерді қайта қарау бойынша жеке-жеке жұмыс жүргізуде. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

20 қыркүйек 2019 ж. 256 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области