Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облыстық ҚАЖД басшысының орынбасары пара алу үстінде ұсталды (Видео)

Қызылорда облыстық ҚАЖД басшысының орынбасары пара алу үстінде ұсталды (Видео)

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының бірінші орынбасары, әділет майоры пара алып жатқан жерінен ұсталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қызылорда облысы бойынша ҰҚКД-мен бірлесе отырып, Қызылорда облысы қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының бірінші орынбасары, әділет майорын едәуір көлемде пара алу үстінде ұстады», - делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, ол өзіне бағынышты адамнан қызметі бойынша жалпы қамқорлық үшін айтарлықтай қомақты сомада пара алды деген күдікке ілініп отыр.
Күдікті ұсталып, Қызылорда қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда.

23 қыркүйек 2019 ж. 668 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области