Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ХҚКО мемлекеттік қызметтерді ым-ишарат тілінде көрсетеді

ХҚКО мемлекеттік қызметтерді ым-ишарат тілінде көрсетеді

Kyzylorda-news.kz. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ХҚО-ға жүгінетін есту қабілеті нашар азаматтарға мемлекеттік қызметтерді ым тілінде көрсетеді.

23 қыркүйекте халықаралық ым тілдерінің күні атап өтіледі. Арнайы датаны БҰҰ 2017 жылы белгілеген.
Күн сайын еліміздегі 348 фронт-офиске мыңдаған қазақстандық мемлекеттік қызмет алуға келеді. Олардың сұранысын өтеп, сапалы қызмет көрсету – ХҚО қызметкерлерінің міндеті. Қызмет алушылардың арасында ерекше қажеттілігі бар тұлғалар да бар. Есту қабілеті нашар адамдар үшін фронт-офистерде ишарат тілін меңгерген мамандар қызмет көрсетеді.
«Әр күнін тыныштықта өткізетін азамат ХҚО сияқты мекемеге келіп, өзін түсіне алатын қызметкермен ыммен тілдесіп, керек қызметін ала алады. Біз қашанда ерекше қажеттілігі бар тұлғаларға бар жағдайды жасауға тырысамыз. Арбамен жүретіндер үшін пандустар, зағиптар үшін брайль әліпбиіндегі жазулары бар тақтайшалар қойылған, нашар еститіндерге сурдоаударма тілін меңгергендер қызмет көрсетеді», – дейді басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева.
Еліміз бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарының бөлімдерінде еңбектенетін 1300-ден астам қызметкер биыл ишарат тілін меңгеру курстарынан өткен. Олардың 1100-ден астамы арнайы сертификаттарын алған.
Айта кетейік, мемлекеттік корпорацияда I, II, III топ мүгедектігі бар 745 жұмыскер еңбектенеді. Жұмыспен қамту стратегиялық жоспарына сәйкес, мүгедектігі бар қызметкерлердің жалпы штат көлеміндегі үлесі 4% кем болмауы тиіс. III топ мүгедектігі бар азаматтар мемлекеттік корпорацияға еш конкурстық іріктеусіз жұмысқа орналаса алады.
23 қыркүйек 2019 ж. 332 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области