Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысында кәсіпкерлік көкжиегі кеңеюде

Қызылорда облысында кәсіпкерлік көкжиегі кеңеюде

Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысының жолдауында белгіленген шағын және орта бизнесті дамыту тенденциясын қолдау мақсатында аймақ басшысының бастамасымен 2021 жылға дейін «Қызылорда облысында кәсіпкерлікті қолдау жылы» болып белгіленіп, осы саланы дамытуға жан-жақты жағдай жасалуда. Осындай жаңа мүмкіндіктердің арқасында, аймақтың бизнес климаты жақсарып, шағын кәсіпкерлікті дамыту бағытында айтарлықтай оң өзгерістер қалыптасқан.

Кәсіпкерлік қызметті жандандыру үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының драйверіне айналатын кәсіпкерлікті қолдау бойынша жұмыстар биыл да жалғасын табады. Оның дәлелі, облыс әкімінің 2019 жылға арналған іс-қимыл жоспарында кәсіпкерлік саласының алдағы жұмыстары нақтыланған:
жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды, микро, шағын және орта бизнес субъектілерін кәсіпкерлікті дамытуға қатысты мемлекеттік және аумақтық бағдарламаларға тартуды қамтамасыз етіледі.
жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үш жылдық даму кезеңіне кешенді Жол картасын әзірлеу және жүзеге асыру қажет.
мемлекеттік бағдарламалар аясында көзделген шағын несиелендіру құралдарын пайдалана отырып, ауылдар мен қалаларда кәсіпкерлікті дамыту үшін, әсіресе, кәсібін бастайтындар үшін шағын несие ресурстарының қолжетімділігін қамтамасыз ету жоспарлануда.
кәсіпкерлікті дамыту бойынша «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, «Қызылорда» аймақтық инвестициялық орталығы» микроқаржы ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен, «КазАгро» ҰБХ» акционерлік қоғамының қаржы институттарымен және басқа да кәсіпкерлікті қолдаудың қаржы институттарымен қарым-қатынас тәжірибесін жалғастыру керек.
Жастардың және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдауды жалғаса береді.
түрлі жеке кәсіпорындар мен мекемелер жетекшілерімен іс-шаралар (кездесулер, брифингілер, сұхбат) ұйымдастырылады.
әрбір ауылдық округтегі жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының «Бастау бизнес» компоненті бойынша оқытылады.
Жас кәсіпкерлер арасында түрлі іс-шаралар өткізілетін болады (бизнес-стартаптар, конкурстар және тағы басқалары).
Жергілікті атқарушы органдардың, бизнес - қауымдастық өкілдерінің қатысуымен кәсіпкерлік саласындағы өзекті мәселелерді тұрақты талқылауды ұйымдастыру қолға алынады.
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы және «2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жалғасады.
Бизнесті жүргізудің шарттарын жақсарту мақсатында «бір терезе» қағидасы бойынша қызметтер көрсетуді жалғастыру қажет.
Ішкі туризмді дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және жасөспірімдер мен жастардың патриоттық тәрбиесін дамыту мақсатында Дүниежүзілік туризм күніне арналған облыстық туристік фестиваль ұйымдастыру жоспарлануда.
Аймақта балалар-жасөспірім туризмін дамыту мақсатында «Өз еліңді таны» акциясы аясында «Менің Отаным-Қазақстан» облыстық туристік слетін ұйымдастыру.
«Қазалы құм» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «БИС-КZ-Қиыршық тас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Мұхтар Н.К. - 2009» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Алтын қамба» сауда-логистикалық кешені» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Мыңбұлақ Dolomit Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі нысандарын жекешелендіруді қамтамасыз ету.
25 қыркүйек 2019 ж. 457 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области