Тұтынушылардың құқығы басты назарда
Kyzylorda-news.kz. «Fulcrum Foundation» азаматтық бастамаларды қолдау» қоғамдық қоры Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» әлеуметтік жобасы аясында «Құпия тұтынушы» мониторингін жүзеге асыруда.
Мониторинг қоғамдық қордың жоба жетекшісі және заңгердің қатысуымен өтуде.
Атап айтқанда, рейд барысында қор қызметкерлері «Kaspi bank» АҚ және «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» Қызылорда облысы бойынша департаментінің Қызылорда қаласындағы операциялық бөлімінің қызметтерін тексерді.
Құпия тұтынушыға қызмет көрсетушімен мемлекеттік көрсетілетін қызметті стандартта көрсету тәртіп бойынша берілген жоқ. Аталған мәселелер келушілердің, яғни корпорация қызметін алушы тұтынушылардың наразалығын тудырғандықтан аталған мекемеге хат жолданды.
Жоғарыда аталған мәселелерді ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңын басшылыққа ала отырып жоюға жұмыс жасауға, атқарылған жұмыс немесе көрілген шара туралы ақпаратты қордың fulcrumf@bk.ru электронды поштасына жолдауы сұралды.