Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 30 қыркүйекке арналған жұлдыз-жорамалы.
Торпақ
Әріптестеріңіз ісіңізге кедергі келтіруі мүмкін. Сақ болыңыз. Шығармашылықпен айналысатын торпақтар плагиаттан бас тарту керек. Жаңа апта қауырт жұмыстан басталуы мүмкін.

Тоқты
Достарыңыз бен әріптестеріңіздің көмегінен бас тартпаңыз. Олардың қолдауымен проблемаларыңыз тез шешіледі.

Егіздер
Күшті және шыдамды болыңыз. Бүгінгі күннің барлық теріс жақтары біртіндеп жағымды және позитивті нәрсеге айналуы мүмкін. Кеш - махаббат туралы ұсыныс жасауға қолайлы.

Шаян
Кәсіби мәселелерде бұрын-соңды болмаған жетістікке жету мүмкіндігі жоғары. Көпшілік алдында баяндама жасап, кейбір идеяларыңызды ұсынасыз, беделді адамдармен сұхбат болуы мүмкін. Сондай-ақ, жігерлендіретін жаңалықтар болады.

Арыстан
Бұл күні қызғану, қорқу сынды эмоцияңызды жасыруға тырысыңыз. Ол үшін иога мен медитация көмектеседі. Кешке тағдырыңызды шешетін кездесу болады. Ол болашақ жарыңыз болуы мүмкін.

Бикеш
30 кыркүйек күні міндеттелген істерді орындау қиын болады. Кейбір бикештер көңіл күйін қалпына келтіру үшін басқа жаққа кетіп қалғысы келеді. Ал жұмыстағыларға барынша міндеттеріңізге мұқият және жауапкершілікпен қарау керек.

Таразы
Таразыларға бүгін аздаған стилистикалық эксперимент жасауға болады. Әсіресе физикалық тартымдылығын арттырғысы келетіндер үшін. Ол үшін мықты маманнан кеңес алу керек.

Сарышаян
Бүгін сарышаяндарды алыстан келген жаңалық қуантады. Ақшаға байланысты даулар табысты шешілуі мүмкін. Денсаулығыңызға зиян істермен айналыспаңыз. Сондай-ақ үзіліс жасай отырып асықпай жұмыс жасаңыз.

Мерген
Мергендерге бүгін алаңдаудың еш қажеті жоқ. Жақын достар мен әріптестер тарапынан қолдау алу мүмкіндігі жоғары.

Тауешкі
Көңіл күйіңіз құбылмалы. Бұл жеке басыңызға да жұмысыңызға да кедергі келтіреді. Өз өзіңізді қатаң бақылауда ұстаңыз. Әсіресе еңбек жолында.

Суқұйғыш
Бұл күн суқұйғыштар үшін еш жаңалықсыз, қозғалыссыз өтеді. ерлі-зайыптылар үшін күнді үйде өткізген жақсырақ болады.

Балықтар
Мақсатқа жету жолында өтірік айтудың қажеті жоқ. Өтірігіңіз тез ашылып қалады. Қаржы мәселесінде өз түйсігіңізге сеніңіз. Артық шығынға жол бермеңіз.
30 қыркүйек 2019 ж. 232 0

Ұқсас жаңалықтар:

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области