Туу туралы куәлікке телеграм-бот арқылы тапсырыс беруге болады
Kyzylorda-news.kz. Енді телеграм-боты арқылы ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің тізімі тағы екі қызметке толықты. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы хабарлады.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ іске қосқан бот арқылы бұған дейін 13 мемлекеттік қызмет пен сервис, соның ішінде 7 кең таралған анықтама, әлеуметтік мәртебені тексерумен базалық зейнетақы төлемінің көлемі туралы ақпарат алу, емханаға тіркелу, дәрігерге жазылу және дәрігерді үйге шақыру, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталығында ХҚО кезекті брондай қызметтері қолжетімді болғанын жариялаған еді. Енді бот арқылы өзіңізге жақын жерде орналасқан ХҚО туралы біліп, сондай-ақ бала тууға байланысты проактивті қызметтерді алу мүмкіндігі туады. Басқаша айтқанда туу туралы куәлікке тапсырыс беру. Бала туу бойыншща жәрдемақыларды рәсімдеу және сәбиді балабақшаға кезекке қою тіпті жеңілдей түсті.
«Мемлекеттік қызметтерді телеграм-бот арқылы алу үшін «Мобильді азаматтар базасына» тіркелу қажет. Яғни, eGov.kz порталындағы жеке кабинетке телефон нөміріңізді ЖСН-ге бекітіп, өз гаджетіңіздегі Telegram мессенджерінде ботты іске қосу керек. Сосын алдын-ала белгіленген командаларды жолдап, SMS-кодпен растау арқылы анықтамалар мен сервистер туралы ақпаратты сұрата аласыз. Сондай-ақ барлық ақпаратты қолданушының электрондық поштасына жолдау мүмкіндігі де қарастырылған», - делінген хабарламада.