Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда eSIM енгізіледі

Қазақстанда eSIM енгізіледі

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда 5G енгізілгеннен кейін ұялы телефондарға eSIM енгізу мәселесі қарастырылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында «Қазақтелеком» АҚ басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеев мәлімдеді.
«ЕSIM бойынша жаңа тұжырымдама бар. Ол чип түріндегі классикалық сим-картаның бағдарламалық деңгейде жасалатындығын білдіреді. Қазіргі уақытта ұялы байланыс операторлары eSIM тұжырымдамасын әзірлеп жатыр», - деді ол.
Осы ретте Қазақтелеком басшысы таяу аралықта бұл бағыттағы алғашқы шешімдердің жария етілетіндігін айтты.
«Сол кезде ұялы телефонға сим-картаны чип салмастан бағдарлама түрінде жасауға болады. Бұл нұсқа қазір талқыланып жатыр. Меніңше, 5G қосылғаннан кейін технологиялардың басым бөлігі eSIM негізінде енгізіледі», - деді Қ.Есекеев.

01 қазан 2019 ж. 318 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области