Жұлдыздар не дейді?
Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 2 қазанға арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты
Бүгін сүйікті адамыңызбен ара қатынасыңызды қалыпқа келтіруге мүмкіндігіңіз бар. Сүйіктіңіз жаңашылдықты қалайды.
Торпақ
Белсенділігіңіз тым жоғары. Басшылық көп еңбектенгеніңізді қалайды. Жеке өміріңізде барлығы жақсы. Бірақ ішкі түйсіктің айтқанына бағынғыңыз келмейді. Алайда іштей тынып қалмаңыз. Алдағы күндерге көп жоспар құрмаңыз.
Егіздер
Қазіргі уақытта белсенді болу керек. Егер жақын адамыңызбен келіспеушіліктер болса, жағдайды ушықтырмауға тырысыңыз. Жақында бәрі өздігінен реттелетін болады.
Шаян
Бүгін жақындарыңызбен қақтығысудан сақ болыңыз. Кішіпейіл болыңыз. Тіпті бұл сізге қиын болса да.
Арыстан
Бүгін сіз өзіңіздің қабілетіңізбен, біліміңізбен ерекшеленесіз. Көпшіліктің алдында өз ойыңызды еркін жеткізе аласыз. Тек алға!
Бикеш
Сіз өз ісіңіздің маманысыз. Бірақ өзгелердің де пікіріне көңіл бөліңіз. Ол болашақта пайдалы болмақ.
Таразы
Бойыңызға жағымды энергия жинайсыз. Ойға алған мақсаттарыңызды орындауға жоспар құрыңыз.
Сарышаян
Бүгінгі күн өте жайлы болмақ. Басшылық берген тапсырманы жылдам орындайсыз. Күніңіз көңілді өтіп, айналаңызға шуақ шашасыз. Күніңізді отбасыңызға арнаңыз. Балаларыңызға көп көңіл бөліңіз.
Мерген
Сіздің өнертапқыштығыңызға тәнті болатындар көп. Жаңа идеяларыңызды қолдайтындар табылады. Сонымен қатар сіз кез келген мәселенің шешімін таба аласыз.
Тауешкі
Кәсіби салада мәселелер туындауы мүмкін. Алаңдамаңыз сізге көмек қолын созатындар табылады.
Суқұйғыш
Денсаулығыңызда бәрі дұрыс. Шыдамды және сақ болыңыз. Ол сізді барлық кедергілерден шығуға көмектеседі.
Балықтар
Сізге сырттай ғашық жандардың бар назарын өзіңізге аудара аласыз. Бірақ оларға өз сезімдеріңізді толық жеткізе алмайсыз. Себебі оның алдында сіз өте дәрменсізсіз.