Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ғалымдар кір жуғыш машинаның қай режимі қауіпті екенін айтты

Ғалымдар кір жуғыш машинаның қай режимі қауіпті екенін айтты

Кір жуатын машиналардың үнемдеу режимін қолдану адам денсаулығына зиян, деп жазады BAQ.KZ.

Ғалымдар зерттей келе мұндай режим антибиотиктерге қарсы тұратын зиянды бактерияларды жоймайтынын айтты. Ғалымдардың мұндай шешімі MedicalXpress порталында жарияланған.
Бон ауруханаларының бірінің қызметкері ғалымдардан медициналық мекемедегі созылмалы эпидемияның басылмауының себебін сұраған.
Ғалымдар кір жуатын машинаның кір жуғыш ұнтақ салатын ыдысы мен барабанның ішіндегі резиналарда пневмония (өкпе қабынуы) ауруын қоздыратын көптеген бактериялар болатынын анықтады.
Ғалымдар бұл бактериялар үнемдеу режимінде жойылмайтынын айтты. Осының кесірінен адамның ішектері зақымдалады, яғни ішектің қабынуы мен асқазанның түрлі ауруға шалдығуына әкеп соқтырады.
Зерттеушілер егер үйде созылмалы жұқпалы аурумен немесе бітпейтін жарасы бар адамдар тұрса кірді үнемдеу режимінде жумау керектігін айтады.

06 қазан 2019 ж. 473 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области