Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ПИРОТЕХНИКА» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ

«ПИРОТЕХНИКА» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ


    2017 жылғы 19 желтоқсан – 2018 жылғы 3 қаңтар аралығында Қызылорда облысы аумағында Әкімшілік полиция басқармасы мен Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің өртке қарсы қызмет бөліністері бірлескен түрде «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді. Шараның басты мақсаты – заңды және жеке тұлғалардың пиротехникалық өнімдерді сақтау, есепке алу, қолдану, сатып алу, тасымалдау тәртібінің сақталуын тексеру, сертификатталмаған өнімді жеткізушілерді анықтау, қоғамдық орындар мен көшелерде, тұрғын үйлерде осы өнімдердің салдарынан болатын төтенше жағдайлардың алдын алу болып табылады.
    Іс-шара барысында сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдардың салдарынан болатын дене жарақаттарын болдырмау, азаматтардың өміріне қауіп тудыратын жағдайлардың алдын ала отырып, аталған бұйымдарды халық көп шоғырланатын жерлерде пайдаланудың жолын кесу мақсатында полиция жасақтарының, учаскелік полиция инспекторларының, мектеп инспекторларының қатысуымен рейдтік шаралар ұйымдастырылуда.
    Осыған орай, елді мекендерде және бұл үшін бөлінбеген орындарда арнайы және қолдан жасалған пиротехникалық құрылғыларды жару орын алған  жағдайда,  пиротехникалық  құралдар мен құрылғылар тәркілене отырып,  ҚР  ӘҚБтК-нің 436-бабының 2-бөлігіне сәйкес 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады. Сондай-ақ, азаматтық пиротехникалық заттардың және оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы қызмет құқығына лицензиясы бар тұлғалардың азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды қолданып жасалатын бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, олармен сауда жасау, оларды жою, әкелу, әкету тәртібін бұзған тұлғаларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 483-бабы 1-бөлігі бойынша пиротехникалық құралдары тәркілене отырып,  жеке тұлғаларға –5, шағын кәсіпкерлік субьектілеріне немесе  коммерциялық емес  ұйымдарға –10, орта кәсіпкерлік субьектілеріне – 15, ірі кәсіпкерлік субьектілеріне – 45 айлық есептік  көрсеткіш  мөлшерінде айыппұл салынады.

22 желтоқсан 2017 ж. 745 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области