Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада күріш ақтау зауыты ашылды

Қызылордада күріш ақтау зауыты ашылды

Kyzylorda-news.kz. Бүгін облыс әкімі «Абай Дәулет» серіктестігінің күріш ақтау зауытының ашылу салтанатына қатысты.Сағатына 7 тоннадан асатам өнім өндіретін зауыт 80 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

«Абай Дәулет» серіктестігінің негізгі қызметі - күріш жармасын өңдеу мен оны сатуды ұйымдастыру. Одан әрі зауыттың жұмысын кеңейту бағытында бүгінде өз инвестициясына жаңа технологиямен жабдықталған құрал- жабдықтар орнатқан.
Жаңа зауыттың ерекшелігі – күрішті ақтаумен қатар, мал шаруашылығыда жемдік мақсатында пайдаланылатын күріш қауызын ұнтақтап, қалдықсыз өнім шығаруға бейімделген.
«Мемлекеттік қолдаулардың арқасында соңғы жылдары аймақ дихандары күріштен тұрақты жоғары өнім алып, еліміздің астық қорының ұлғайуына өз үлестерін қосып келеді. Биылғы жылы облыс бойынша 88 мың гектар күріш егіліп, күтімге алынған болатын. Қазіргі таңда барлық аудандарда Сыр маржанын жинау науқаны қызу жүруде»,- деді Қуанышбек Досмайылұлы.
«Абай Дәулет» серіктестігі күрішті сапалы өндеп, өнімін ішкі нарыққа да, алыс-жақын шетелге өткізуде де тәжірибесі ірі компания. Олардың өнімдері сапа менеджменті талаптарына толық сәйкес келеді. Оған дәлел бүгінде сыр салысын Ресей, Өзбекстан, Моңғолия, Украина және Тәжікстан елдеріне экспорттап отыр.
Аймақ басшысы облыстың күріш шаруашылығы саласы тағы бір заманауи өндіріс ошағымен толығып отырғандығын, бұл өз кезегінде, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігі мен әлеуметтік-экономикалық дамуына, жаңа жұмыс орындары мен салық базасының нығайюына өз септігін тигізетіндігін атап өтті.

02 қазан 2019 ж. 567 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области