Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қос басылымның тілшілері аралдық оқырмандарымен кездесті

Қос басылымның тілшілері аралдық оқырмандарымен кездесті

Kyzylorda-news.kz. Биыл аймақтың жылнамашысына айналған облыстық «Сыр бойы» мен «Кызылординские вести» газеттері 90 жылдық мерейтойын атап өтуде. Аймақтың ақпарат айдынында құстың қос қанатындай болған бұл аға басылымдар Сыр өңірінің тыныс-тіршілігімен біте қайнасып, талай түлекті түлеткен киелі ұстахана екендігі мәлім.

Кеше аталған қос басылымның редакторлары мен тілшілері Арал ауданында болып, оқырмандармен кездесті.
Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Бектемір Жұмағұлов қатысып, жақсылық пен жаңалықтың жаршысы болған қос газетті мерейлі мерейтойымен құттықтады.
Жиын барысында «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінің бас редакторы Қуат Шарабидинов пен Қазыбек Ботаев аталған газеттердің тоқсан жылдық тарихымен қатар, өткені мен бүгіні жөнінде ой өрбітті.
Киелі шаңырақта өз қолтаңбаларын қалдырып, талай жыл қалам тербеген журналистиканың абыз ақсақалына айналған Шәкірат Дәрмағамбетов, Жолдасбек Ақсақалов, Жұмабай Жақып, Жаңабай Кемал бастаған аға буын өкілдері қызмет еткен жылдарындағы қызығы мен қиындығы қатар өрбіген кезеңдері жайлы естеліктерін ортаға салды.
Сонымен қатар, жас буынға журналистік жол көрсетіп жүрген «Сыр бойы» газетінің жас тілшілері Ержан Қожас пен Айдана Жұмадинова және аудандық «Толқын» газетінің бас редакторы Абай Елеш сөз алып, газеттің бүгінгі тынысы мен ақпарат айдынының ауқымы жайын сөз етті.
Басқосуға жиналған қос басылымның тұрақты оқырмандары өз пікірлерімен бөлісіп, ізгі тілектерін жеткізді.

03 қазан 2019 ж. 344 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области