Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Аралда жас кәсіпкерлер жәрмеңкесі өтті

Аралда жас кәсіпкерлер жәрмеңкесі өтті

Kyzylorda-news.kz. Арал қаласында «Жастар жылы» мен жаппай кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жылы аясында жас кәсіпкерлер жәрмеңкесі өткізілді.

Жәрмеңкенің негізгі мақсаты жас кәсіпкерлердің өзара тәжірибе алмасып, бір-бірімен тығыз байланыс орнатуына және әлеуметтік клиенттермен жұмыс істеуге, өнім өткізуде тәжірибе жинақтауына мүмкіндік беру.
Аталған шараға аудан әкімінің орынбасары Рүстем Өтешов қатысып, жеке кәсіптерін ашып, тұрғындардың қажеттілігін қанағаттандыруда белсенділік танытып жүрген жастардың жұмыстарына табыс тіледі. Сонымен қатар, аудандағы кәсіпкерлік саласының дамуына үлесін қосып, үздік нәтижеге қол жеткізген жас кәсіпкерлерге облыс әкімінің Алғыс хатын табыстады.
Жәрмеңкеге келушілерге жас кәсіпкерлердің сүттен жасалған тағамдары, кондитерлік өнімдері, жиһаз түрлері, кофе дайындау әдісі, қолөнер бұйымдары мен балық өнімдері таныстырылды.
Аталған шара барысында «Шах-такси» қызметінің ұйымдастырған лоторея ойынының нәтижесінде жеңімпаз атанған тұрғындар бір реттік тегін жүру сыйлық сертификатына ие болды.


03 қазан 2019 ж. 272 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области