Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Елімізде кредиті ең көп кешірілген өңірлерді білесіз бе?

Елімізде кредиті ең көп кешірілген өңірлерді білесіз бе?

Kyzylorda-news.kz. Кредиті кешірілгендердің көбі Алматы, Шымкент қалалары мен Түркістан облысының тұрғындары, деп хабарлайды Sputnik.
Алматы қаласы бойынша 115998 кредиттің қарызы кешірілсе, Түркістан облысында 83895, Шымкент қаласында 74731 несие өтелген. Жамбыл, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында да кешіруге жататын кепілдіксіз кредиттер көп болған.
Көпбалалы, мүгедек бала тәрбиелеп отырған, асыраушысынан айырылған отбасылар мен атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар және жетім балалардың берешегін өтеу жұмысы жалғасуда. Қазір осы бес санатқа кіретін кредиті өтелмегендердің қосымша тізімі жасақталып жатыр.
Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде борышкерлер жайлы кейбір ақпарат болмай шыққан. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық банкке тізімге енбей қалған азаматтар туралы мәліметті екі апта сайын жолдап отыр. Бұл жұмыс желтоқсан айына дейін жалғасады.
Бұдан соң Ұлттық банк тізімді кредит бюросымен нақтылайды. Жыл соңына дейін қалған борышкерлердің берешегі өтеледі.
Айта кетсек, биыл 26 маусымда президент тұрғындардың кепілсіз кредиті бойынша борыш жүктемесін азайтуға қатысты жарлыққа қол қойған болатын. 507 мыңнан астам адамның банк алдындағы 620 мыңдай берешегі өтелді. Бұған мемлекет тарапынан 105 миллиард теңге жұмсалды. Бұл бір реттік акция екені айтылған болатын.

04 қазан 2019 ж. 268 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области